Қазақстан халықаралық спорт додаларының орталығына айналады

Фото: depositphotos.com

Елімізде  биылғы жазда бірнеше ірі халықаралық спорт жарысы өтеді, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған жұмыс кеңесінде осы додаларға дайындық мәселелері талқыланды.

Жарыстар Астана, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларында өтеді. Кездесуде спорт нысандарының дайындығы, қауіпсіздік, логистика, медициналық қызмет, шетелдік делегацияларды орналастыру және мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру мәселелері қаралды.

Негізгі халықаралық турнирлер қатарында:

·         боччадан Әлем кубогі — 25 елдің спортшылары қатысады;

·         байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты — 16 елден шамамен 350 спортшы;

·         таеквондодан (WT) халықаралық турнирлер — 1600-ге жуық спортшы;

·         жеңіл атлетикадан XXXV Ғұсман Қосанов мемориалы — 15 елден 250-ге жуық спортшы;

·         кураштан әлем чемпионаты — 50 елден 500-ге жуық спортшы;

·         WKF каратэден Орталық Азия чемпионаты — 700 спортшы қатысады.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мұндай жарыстар Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін арттырып, спорт инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спортты насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдар мен спорт федерацияларына халықаралық жарыстарды сапалы әрі уақытылы өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.