Қарағандыда боччадан облыстық турнир басталды

Қарағанды қаласында паралимпиадалық бочча спортынан облыстық турнир басталды. Жарысқа еліміздің он өңірінен келген командалар қатысып жатыр.

Жалпы саны 75 параспортшы өзара мықтыны анықтайды. Турнирдің негізгі мақсаты –  инклюзивті спортты дамыту, мүгедектігі бар бар жандарды қолдау және бочча спортын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар жарыс  тәжірибе алмасуға, жаңа достық байланыстар орнатуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер параспортты дамытып  қана қоймай, қоғамдағы тең мүмкіндіктің маңызын айқындай түседі.

Гауһар Акижанова, турнирдің бас төрешісі:

- Ең бастысы, енді біздің спортшыларымызды шыңдау үшін, облыстық құраманы дамыту үшін, мықты спортшыларды таңдап, облыстық құрамға енгізу. Сонымен қатар екінші мақсат бұл – ұлттық құрамаға да ену мақсаты бар. Ол үшін жақсы сапалы ойын көрсету керек.