Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін рингке қашан шығатынын айтты
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды «24KZ».
6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері рингте жүр екем! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! - деді спортшы.
Сондай-ақ спортшы желтоқсан айында чемпиондық атағын қорғайтынын айтты.
Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын! –деді Жәнібек Әлімханұлы.