Бибісара Асаубаева тағы бір тарихи жеңіске қол жеткізді
Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.
Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары: Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - қазіргі әлем чемпионы; Чжу Цзиньэр (Қытай) - әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы; Хампи Конеру (Үндістан) - әлем шахматының белді өкілі; Анна Музычук (Украина) - «Norway Chess Women» турнирінің былтырғы жеңімпазы; Дивья Дешмукх (Үндістан) - әлем кубогының иегері.
Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз