Бокстан Әлем кубогы: Қытайдағы жарысқа кімдер барады?

Фото: olympic.kz/

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін бокстан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін бекітті, деп хабарлайды «24KZ».

Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды. Жарыс 15–21 маусым аралығында өтеді.

Ерлер:
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай

Әйелдер:
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова

Айта кетейік, бокстан Әлем кубогы кезеңі халықаралық деңгейдегі ірі турнирлердің бірі саналады. Ол Олимпиада мен әлем чемпионаттарына дайындық ретінде өткізіліп, спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз