Аутсайдерлерден кімдер сенсация жасауы мүмкін?

Футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Азуын айға білеген Испания құрамасы алғашқы ойындарын сәтсіз бастады.

Олар мундиальға бірінші рет қатысып жатқан Кабо-Вердемен тең ойнап қалды. 2010 жылғы әлем чемпиондары 90 минут бойы қарсылас қақпасының кілтін таба алмай, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Сондай-ақ, осы топтағы Уругвай мен Сауд Арабиясы арасындағы матчта да тең ойын тіркелді. Есеп 1:1. Одан бөлек Бельгия мен Египет кездесуі дәл сондай есеппен аяқталды. Ал Швеция Тунис құрамасын 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Алда жарыс жолына чемпиондықтан үмітті Франция Сенегалмен, Аргентина Алжир құрамасымен кездеседі. Сондай-ақ сенсация жасауы мүмкіндігі жоғары елдерден Норвегия да алғашқы ойындарын өткізеді. Сарапшылар аутсайдерлер арасынан Швеция, Морокко, Өзбекстан құрамалары да біразға барады деп топшылап отыр.     

Мерей Дінмұхаммедұлы, спорт журналисі:

- Өзбекстан сенсация жасауы мүмкін. Өйткені олар да жоқ дегенде топтан шығуға таласатын қауһар, рух бар. Оған қоса команда ішінде бапкердің айтқанын бұлтартпай істейтін ойыншылар бар. Олар бапкердің айтқанын дәлме дәл жасай алатын қабілеті барын көргенбіз. Өзбекстан кемінде 1/8 финалға дейін барса таңғалмайық.    

Ернұр Дүйсенғазы, спорт комментаторы:

- Араға 4 жыл салып, қайта әлем чемпионатына келген Швециядан үлкен үміт күтеміз. Топта Жапония, Тунис, Нидерланд құрамаларымен ойнайды. Жеребе сәтті болды деп айтуға болады. Топтан екінші орынмен шығуға мүмкіндік бар. Команда сапында ағылшын премьер-лигасында топ жарып жүрген Дьекерш, Эланга, Александр Исак секілді топ деңгейдегі клубтардың топ шабуылшылары бар. Осы үшеуі қосылған кезде Швецияға халқына керемет жеңіс сыйлауы керек.