Алуа Балқыбекова Қытайдағы әлем кубогында ширек финалға шықты

фото: ҰОК

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды «24KZ». 

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты. 

Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз