Қазақ жігіттері Азия чемпионы атанды

Португалия Өзбекстан қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Мұхиттың арғы жағында футболдан Әлем чемпионаты жалғасып жатыр және бүгін көпшілік тағатсыздана күткен кездесу болды.

Португалия және Өзбекстан құрамалары кездесті. Матч барасында Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Соның арқасында қатарынан алты Әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы ретінде тарихта қалды. 

Қазақ жігіттері Азия чемпионы атанды. Дәл қазір Үндістан астанасы Дели қаласында семсерлесуден құрлықтық жарыс жалғасып жатыр. Ерлер арасындағы командалық сынның финалында Қазақстан және Жапония құрамалары кездесті. Бұл бәсекеде ел намысын Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов төрттігі қорғаған болатын.

Айта кету керек, жапон жігіттері Олимпиада чемпионы әрі Әлем чемпионы саналады. Әлемдік рейтингте әлдеқайда жоғары тұр. Десе де, біздің спортшылар жеңісті жұлып алды. Тартысты өткен кездесу 45:40 есебімен аяқталды. Осылайша қоржынымызға кезекті алтын түсті. Бұған дейін әйелдер арасында Ирина Бакалдина Азия чемпионы атанып, отандық семсерлусу үшін тарихи нәтиже тіркеген болатын.

Бұған қоса, ерлер арасында Руслан Курбанов қола жүлдеге қол созды. Тағы бір қола медальді Қазақстанның ерлер құрамасы қылыш бағыты бойынша командалық сында жеңіп алды. Дели қаласындағы Азия чемпионаты 25-ші маусымда мәресіне жетеді.

Қоржынымызда 48 медаль

Қоржынымызда 48 медаль. Оның – тоғызы алтын. Астанада таеквондодан Алтай Одағы чемпионаты мәресіне жетті. Бұл кәріс жекпе-жегі бойынша жаңадан құрылған ұйым және оның алғашқы ресми жарысы. Оған Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдердің ең үздік спорштылары жиналды.

Тағы бір айта кетерлігі, байрақты бәсеке ересектер және жасөспірімдер санатында өтті. Екі күнге созылған жарыс қорындысы бойынша Ұлттық құрама өкілдері 9 алтын, 14 күміс және 25 қола жеңіп алды. Соның арқасында жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Топ басында Түркия командасы. Олар 10 алтын жеңіп алған болатын. Ал үздік үштікті Ресейден келген қыз-жігіттер түйіндеді. Көрші елмен алтын саны бойынша көрсеткіштеріміз тең. Ал күміс пен қола бойынша әлдеқайда жоғарымыз. Астанада таеквондо мерекесі ары қарай да жалғасады. Енді 25-27 маусым аралығында Kazakhstan Open деп аталатын халықаралық рейтингтік турнирі өтеді.

Бокстан Азия чемпионатына дайындық

Тура 10 күнен кейін бокстан Азия чемпионаты басталады. Бұл 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгілер жарысы. Яғни  жасөспірімдер мен жастар құрлық үздігін анықтайды. Байрақты бәсекені Индонезия астанасы Джакарта қабылдайды. Оған 26 елден 430 боксшы қатысады деп жоспарланып отыр. Арасында, әрине, Қазақстан құрамасы да бар және қазақ қыз-жігіттері, әдеттегідей, басты фаворит санады.

Айта кету керек, еліміздің жасөспірімдер құрамасын қазір Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады. Оның командасы бұған дейін Венгриядағы және Солтүстік Македониядағы халықаралық турнирлерге қатысып, мықты екендерін дәлелдеді. Енді қазір Алматыда Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ал жастар құрамасына білікті бапкер Мақсат Бақтыбазаров жетекшілік етеді. Олар ересек командамен бірге шеберлік шыңдап, жарысқа тыңғылықты дайындалды. Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттердің толық тізімі алдағы күндері жарияланады. Ал, Джакарта қаласындағы Азия чемпионатының өзі 3-шілде мен 16-шілде аралығында болады.