Месси тарихтағы үздік сұрмерген атанды

Аргентинаның футбол құрамасының капитаны және ойыншысы Лионель Месси әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген деп танылды. 

Жақында Техаста Австрияға қарсы матчта ол қос гол салып, турнирлердегі жалпы голдарының санын 18-ге жеткізді. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы хабарлады. Осылайша, Месси аталған көрсеткіш бойынша Германия құрамасының бұрынғы форварды Мирослав Клозеден басым түскен. Десе де сарапшылар: Алдағы уақытта Мессиді Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппэ басып озуы мүмкін", - дейді. Қазірдің өзінде Мбаппэ әлем чемпионаттарында жалпы саны 14 гол салған.