KazChess Masters халықаралық турнирі басталды
Алматыда халықаралық KazChess Masters шахмат турнирі басталды.
Әлемдік доданың жүлде қоры 25 миллион теңге. Турнирде Қазақстанның бес жас ойыншысы - танымал бес шетелдік шахматшыға қарсылас болады. Турнирде Қазақстан, АҚШ, Испания, Германия, Сербия және Украина өкілдері чемпиондық атақ үшін бақ сынайды. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтуде. Тоғыз турдан тұратын KazChess Masters турнирінің тағы бір маңызды ерекшелігі - қатысушылардың халықаралық рейтингін көтеруге және халықаралық нормативтерді орындауға мүмкіндік беруі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар қазақстандық жас шахматшыларды әлемдік деңгейдегі ірі халықаралық бәсекелерге дайындауға зор үлес қосады.
Қазбек Нөгербек, қатысушы:
- Жарыс өте мықты. Әлемнің мықты шахматшылары ойнайды. Бес басқа елден шахматшылар келді. Өте мықты. Рейтингтері 2600-ден асады. Және 5 қазақстандық шахматшы. Менде ия жақсы тәжірибе бар, мықты шахматшылармен ойындарда. Бірақ барлықтарымен өте қатты ойнағым келеді. Өйткені ол өзіңді көрсетуге жақсы мүмкіндік.