KazChess Masters Almaty 2026 мәреге жетті
Алматыда KazChess Masters халықаралық шахмат турнирі аяқталды.
Тоғыз күнге созылған зияткерлік сайыста Қазақстанның бес жас ойыншысы шетелдік танымал шахматшылармен сынға түсті. Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирге Қазақстан, АҚШ, Испания, Германия, Сербия және Украина шахматшылары қатысты. Қорытынды есепте 26 жастағы сербиялық гроссмейстер Алексей Сарана жеңімпаз атанды. Екінші орынды германиялық Александр Донченко, үшінші орынды украиналық Игорь Коваленко иеленді. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Махнёв төртінші орынға тұрақтады. Бұл турнир Қазақстан шахматшыларына тәжірибе жинақтауға, рейтингті арттыруға және халықаралық нормаларды орындауға мүмкіндік берді.
Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:
- KazChess Masters жарысының басты мақсаты бүкіләлемдік олимпиадаға дайындық болып табылады. Осы жарыста ойын көрсеткен Марк Смирновқа келетін болсақ, ол өте керемет нәтижеге қол жеткізді деп айтсақ болады. Өте мықты шахматшылармен жақсы нәтиже көрсетті. Тіпті Америкадан келген Сэм Шенкленд деген 2647 рейтингісі бар осындай супер гроссмейстерді жеңіп отыр.