Қазақстан параволейболдан әлем чемпионатында қола жеңіп алды
Параволейболдан ұлттық құрама тарихта алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Отандастарымыз Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен бәсекенің жартылай финалында Иран командасына есе жібергенімен, 3-орын үшін өткен кездесуде Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Сонымен қатар команданың екі мүшесі жарыстың үздік ойыншысы атанды. Ендігі мақсат - 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу, - дейді бас бапкер.
Бауыржан Тақауов, Параволейболдан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Сарапшылар барлығы біздің команданың жоғары деңгейде екенін мойындады, оны спортшыларымыз мойындата білді. Олар қаншама оқу-жаттығу жиынын өткізді. Әр елмен бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысты.
Бауыржан Сартаев, Параволейболдан ұлттық құрама капитаны:
- Біз өз тобымызда Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен кездесіп екінші болып шықтық. Сонымен қатар Польшамен кездесіп жартылай финалға өттік. Руанда командасын ұтып, жартылай финалда Иранға есе жіберіп, үшінші орын үшін Бразилия құрамасын 3:2 есебімен ұттық. Осы жарыста қуанышты бөлісіп, өте жоғарғы көңіл-күйде тамаша әсер қалдырып, сөзбен айтып жеткізе алмаймыз.