Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды. Жасөспірімдер арасындағы жарыс күні кеше Румынияның Изворани қаласында өтті.

Байрақты бәсекеге Италия, Венгрия, Түркия, Ұлыбритания, Чехия секілді елдерден келген 30 жас қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, отандасымыз спринтерлік қашықтықты 35 минут 41 секундта бағындырып, көш бастады. Айта кетейік, ел құрамасы сапында  Диана Ержановамен қатар, Алуа Нұрмұхамет, Калерия Шнейдер, Аида Ким  де жарысқа қатысты. Олар алғашқы ондыққа енді.