Астана «Болашақ ойындары – 2026» турниріне қатысушыларды қарсы алып жатыр
Ұйымдастырушылар Беларусь пен Қытайдан келген спортшыларды әуежайдан күтіп алды.
Енді олар алдағы бірнеше күнде дайындығын пысықтап, фитджатал баскетбол бағыты бойынша өзара мықтыны анықтайды. Осының алдында Черногория мен Аргентина құрамалары келген болатын. Осылайша Астанаға ат басын тіреген командалар саны 7-ге жетті. «Болашақ ойындары» турниріне 50 елден 800-ден астам спортшы жиналады.
Тимофей Поролёв, Minsk құрамасының спортшысы:
- Іріктеу турнирі Минск қаласында өтті. 8 команданың арасынан іріктеліп келдік. Астана жылы қарсы алды. Бізде фиджитал баскетбол енді-енді дамып келе жатыр. Алдағы уақытта жақсы нәтижелер болатынына сенім мол. Себебі мұндай спорттың әлеуеті жылдан жылға артып келеді.