Болашақ ойындарының бірінші күні аяқталды
Астана бүгін Болашақ ойындарының екінші күнін өткізеді. Кеше бар сән салтанатымен ашылып, төрткүл дүниенің әр түкпірінен келген қонақтарды қарсы алды.
Ойыншылар да алаңға шықты. Файджитал баскетболдан 16 команда топтық кезеңде бір-бірімен кездесіп, алғашқы ұпайларын жинады. Өкінішке қарай, ел атынан сынға түскен 2 ұжым есе жіберді. Алғаш болып жарыс жолына шыққан GTB.KZ хорватиялық Загребацкий Мелесани клубынан жеңілді. Қорытынды есеп 17:34. Кейін «Астана» командасы Францияның Пэрис Файджитал ұжымынан ұтылып қалды. Тартысты ойында 22:25 есебі тіркеліп, қонақтардың пайдасына аяқталды. Енді бүгін 2-ші ойындарын өткізеді.
Есет Жарқылов, GTB.KZ командасының мүшесі:
- Бұл біздің бірінші рет қатысуымыз. Ішкі іріктеу қиын болды. Қазақстанның көптеген қаласынан командалар жиналды. Тартысты ойындар болды. Алайда біз орын алып, жолдама алдық.