Қазақстандық спортшылар Пәкістандағы турнирде екі қола медаль еншіледі
Қазақстан таеквондодан Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup халықаралық турнирінде екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды 24KZ ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілдері 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынға көтерілді.
Қола жүлдеге Нұрай Бауржанова мен Рита Бакишева ие болды.
Лахордағы жарыс 20 тамызға дейін жалғасады.