VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 22 жамбылдық ел намысын қорғайды
Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады. Олар көкпар, көк бөрі, аударыспақ, жамбы ату, бәйге мен асық атудан ел намысын қорғайды.
Оқу жаттығу жиындары мамыр айында басталған. Бұған дейін 3 жаттығу жиыны Алматы облысында өтті. Енді соңғы даярлық жұмыстары Ыстықкөлде болады. Жалпы Жамбылдық жампоздарға үміт мол. Соның ішінде көкпар бар. Себебі 16 дүркін ел чемпионы атанған «Әулиеата» клубының 6 спортшысы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.
Атамекен Рүстемов, «Әулиеата» спорт клубының басшысы:
- Биылғы дайындықтарымыз өте күшті. Облыс сапынан болсын, республмка қарамағынан болсын жауапкепшілік өте қатты болып жатыр. Бұндай оқу жаттығу жиындары еш уақытта болмаған. 50-ге жуық аттар келді, 30-ға жуық спортшыларымыз келді. Соның ішінен сайдың тасындай іріктелген балалар жиналып биылғы оқу жаттығу жиыны өте жоғары дәрежеде деп айтсақ болады.