Қытайда роботтар адам жасаған рекордтарды жаңартып жатыр
Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан қыздар командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы екінші кездесуін Аустралиямен өткізіп 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Жерлестеріміз алғашқы ойында дәл осындай нәтижемен Индонезия құрамасынан ұтылып қалған еді. Ертең волейболшыларымыз Таиланд құрамасымен ойнайды.
Жаңа маусымды жеңіспен бастады
Чемпион болу оңай емес. Ал чемпиондық атақты қорғап қалу оданда қиын. Каталонияның Барселонасы жаңа маусымды жеңіспен бастады. Ханси Флик жаттықтыратын жігіттер сырт алаңда Эльчені 5:0 есебімен тас-талқан етті. Осы ойында дебютанттар көзге түсті. Боруссиядан ауысып келген Карим Адейеми бір голдың авторы атанса, екінші таймда алаңға шыққан Энтони Гордон екі бірдей әдемі пас беріп әріптестерінің ықыласына бөленді. Команда сапындағы белді ойыншылардың бірі Гави ойын барысында жарақат алып алаңнан кетуге мәжбүр болды. Дәрігерлер тексерісінен кейін футболшының жарақаты ауыр емес екендігі, алдағы уақытта жаттығу жұмыстарына оралатыны жәйлі айтылды. Барселона келесі турда Бильбаоның Атлетигін қабылдайды.
Робот рекорд орнатты
Дәл осы күндері Қытай астанасы Бейжіңде гуманоид роббттардың әлемдік ойындары өтіп жатыр. 26 тамызға дейін жалғасатын кешенді жарыста роботтар таңдай қағарлық нәтижелер тіркеуде. Яғни, адам баласы жасаған рекордтарды шетінен жаңартып, әлемдік технологияның қарыштап дамып келе жатқанын тағы бір мәрте паш етті. Атап айтсақ, күні кеше ғана «Тяньгун» есімді робот 400 метрді 39,7 секундде жүгіріп өтіп оңтүстік африкалық желаяқ Уэйд Ван Никерктің Рио олимпиадасында жасаған рекордына түзету енгізді. Естеріңізде болса, Бразилия жерінде Никерк 43,3 секунд нәтижесін тіркеген болатын.Сондай-ақ дәл осы «Тяньгун» роботы үш күн бұрын 100 метрде Усейн Болттың да рекордын жаңартқан еді. Енді роботтардың бүкіләлемдік ойындарында ауыр атлетика мен үстел теннисінен де сайыстар өтеді.
Гризманның голы жеңіс әкелді
АҚШ-тағы МЛС лигасының нағыз қызған шағы. Еуропадан ауыссып барған ардагер футболшылар аянып жатқан жоқ. Солардың бірі Антуан Гризманн. Француз футболшысы 22-ші турда Реал Солт-Лейк қақпасына екі гол соғып өз командасына жеңіс әкелді. Гризманн өнер көрсететін Орландо Ситидің турнир кестесіндегі жағдайы мәз емес. Дегенмен Антуан келгелі команданың шабул шебіне қан жүгіріп Орландо аяңдап болсын мықтылардың соңына ерді. Плей-оф кезеңіне жолдама алу үшін Орландо Сити Шығыс Конференциясында үздік тоғыздықтың қатарынан көрінуі тиіс. Әзірше Гризманн командасы 11-ші сатыда. Келесі турда Орландо Сити Миннесота алаңына қонаққа барады.