Қазақстан құрамасы Малайзиядағы маунтинбайк турнирінде үш медаль жеңіп алды

фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық маунтинбайк турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жүлдеге ие болды.

Ерлер арасында Денис Сергиенко екі күміс медаль жеңіп алды. Ол XCC және XCO жарыстарында мәреге екінші болып жетті.

Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC жарысында үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді екі күміс және бір қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз: