Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде чемпион атанды

фото: sports.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 супертурнирінің рапид турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Бибісара Асаубаева тай-брейкте Германияның гроссмейстері Элизабет Петцті жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық шахматшы Грузия өкілі Нино Бациашвилимен кездесті. Шешуші «Армагеддон» партиясында қара түспен ойнаған Асаубаева тең нәтижені сақтап, финалға жолдама алды.

Финалда Бибісараның қарсыласы украиналық Мария Музичук болды. Алғашқы партияда Асаубаева қара түспен ойнап, жеңіске жетті. Екінші партияда да қазақстандық шахматшы басым түсті.

Осылайша, турнирдің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 5,5 ұпай жинап, WR Women’s Chess Tour 2026 Europe рапид турнирінің чемпионы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз: