Реал Диамонде үшін 144 млн еуро төледі
Реал үлкен тәуекелге бел буды. 19 жастағы Кот-д’Ивуарлық Ян Диамонде есімді футболшы үшін 144 млн еуро шығындады. Бұл – карольдік клубтың тарихындағы ең қымбат трансфердің бірі.
Енді Диамонде сол шығынды ақтай ала ма? Ол енді уақыт еншісінде. Өткен маусымда ғана Лейпциг Ивауарлық футболшыны Леганестен бар болғаны 20 млн еуропаға сатып алған болатын. Бундеслигада бір жыл ғана доп тепкен футболшының құны бірден аспандап шыға келді. Оған себеп Диамондеге құда түсушілер көп еді. ПСЖ мен Манчестер Юнайтед және Арсенал клубтары немістермен саудаласып жүргенде Флорентина Перес ақшасын аяған жоқ. Футболшыға 7 жылдық келісім шарт ұсынып, кеше ресми түрде қол қойу рәсімін өткізді. Енді Диамонде 25-ші нөмірде Жозе Моуриньо қол астында тер төгеді.
«Аль-Наср» камбэк жасады
Сауд Арабия чемпионы «Аль Наср» маусым басталғалы үш ойын өткізіп ұпайдан әлі шашу шығарған жоқ.
Кеше Роналду және оның командаластары Аль-Иттифак алаңына қонаққа барып, үлкен ерлік жасады. Ойын басталмай жатып-ақ қонақтардың жағдайы қиындап кеткен еді. Қақпашы алаңнан қуылып, Постекоглу бапкерге шабуылшыны қақпашыға алмастыруға тура келді. Жас қақпашы Абдульрахман Аль- Отаиби қатты қобалжыған болу керек, үзіліске дейін-ақ екі гол жіберіп алды. Алдымен Ондрей Дуданың соққысынан көз жазып қалса, тайм түгесер шақта Альваро Медранның соққысын қайтара алмады. Бас бапкер үзілісте Роналдуды да алаңнан алып тастады. Сол кезде Португалия жұлдызы біраз бұлқан-талқан болса керек, бірақ матчтан кейін бапкер шешімінің дұрыстығына көз жеткізді. Аль Насрға тең ойынның өзі арманға айнала бастаған кезде Садио Мане белсенді. Сенегел футболшысы қарсыластар қақпасына қатарынан үш гол соққан, бірақ біреуін төрешілер есеп алған жоқ. Таразы басы теңескен соң Аль Насрдың қарқыны тіпті арта түсті. Матчтың 77-ші минутында Аль Амри соққан гол Роналду командасына маңызды үш ұпай әкелді.
Қытайдың Гуйян қаласында Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Алдымен эстафеталық жарыста жүлделі орындар сарапқа салынды.
Ерлер арасында Темірлан Әбдіраимов пен Лев Чувашов жетінші сатыға табан тіресе, қыздар арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова үздік ондықтан көрінді. Енді жекелей жарыстар өтеді.
US Open-2026 қарсаңында
Теннистен үлкен дулыға жарыстарының соңғысы Юс Оупен осы жексенбіде басталады. Жарақатына байланысты сәуір айынан бері кортқа шыға алмаған Карлос Алькарас тәуір болса керек жарысқа қатысатынын растапты. Ал әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер биылғы турнирден шет қалғалы тұр. Өткен айда алған жарақаты әлі жазылмаса керек. Юс Оупеннің биылғы ұтыс қоры 108 миллион долларды құрайды. Бұл – теннис жарыстарының тарихындағы рекордттық көрсеткіш. Ерлер арасындағы фавориттердің бірі – Новак Джокович. Серб тенннисшісінің АҚШ та асығы алшысынан түсіп жатса, үлкен дулыға жарыстарындағы 25-ші титулын алады. Қыздар арасындағы жарыста тартысты болмақ. Рыбакинаға әлемдік рейтингте Арина Соболенконың алдына шығатын мүмкіндік бар. Сондай-ақ корт иесі Коко Гауфф пен Наоми Осака, және Джессика Пегула мен Роллан Гаррос жеңімпазы Мирра Андреевалардың бас жүлдеден дәмесі бар.