Елена Рыбакина Теа Фродингпен кездеседі
Қазақстандық теннисші бірер күннен кейін жылдың басты жарыстарының бірі – АҚШ ашық чемпионатына қатысады.
Байрақты бәсеке 30 тамызда басталады. Жеребе тарту нәтижесінде Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 580-ші тұрған америкалық Теа Фродинге қарсы ойнайтын болды.
Жылдың басты жарысына дайындық
Құрманбек көк туды ұстап шығады. Бірер күннен кейін көрші қырғыз елінде көшпенділер ойындары басталады. Дүниежүзілік доданың ашылу салтанатында көк байрағымызды көкпардан ұлттық құраманың үздігі Құрманбек Тұрғанбек ұстап шығатын болды. 29 жастағы жамбылдық көкпаршы - қазір Қазақстан командасының капитаны. Бұған дейін де ұлттық құрама сапында жасындай жарқылдап, талай жарқын жеңісті сыйлаған еді. Тіпті көрші қырғыз еліндегі лигада да өнер көрсетіп, «Ғасыр көкпаршысы» атанып қайтқан болатын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бас-аяғы 150-ге жуық спортшымыз қатысады. Олар 34 бағытта жүлдеге таласады. Қазір олар Қырғызстанның Ыстықкөл аймағына жетіп, жарыс алындағы дайындықты пысықтап жатыр. Байрақты бәсекенің өзі 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады.
Көкпар – көшпенділер ойындарының ең басты додасы
Ұйымдастырушы тарап, яғни қырғыз тарапы біздің ұлттық ойынымыздың финалын ең шешуші кездесу ретінде бекітті. Жарыс бағдарламасына сәйкес көкпар бойынша ақтық сын 6 қыркүйек күні түстен кейін өтеді. Яғни алдымен көкбөрі бойынша финал, одан кейін көкпар бойынша бас жүлде сарапқа салынады. Артынша дүниежүзілік доданың жабылу салтанаты жасалады. «Бұл – қазақтың көкпарының даму деңгейі мен оған жасалған еркше құрмет», - дейді мамандар. Өйкені кез келген жарыста ең негізгі және ең қызықты бәсеке соңына қойылады. Айта кетейік, көшпенділер ойындарының өзі 31-тамызда басталады. Ел намысын қорғайтын спортшылдар қазір Қырғызстанның Ыстықкөл аймағына жетіп, жарыс алындағы дайындықты пысықтап жатыр.
«Қайрат» пен «Андерлехт» кездесті
«Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсетеді. Алматылық клуб биыл тағы да еурокубокта ойнауға мүмкіндік алды. Өкінішке қарай, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне түсе алмады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері соңғы іріктеу кезеңі аясында бельгиялық «Андерлех» пен кездесіп, есе жіберді. Өз елімізде өткен алғашқы мачта 0:3 есебі, ал сырт алаңда өткен қарымта мачта 3:0 есебі тіркеліп, жалпы есепте 6:0 есебімен жеңілді. Нәтижесінде «Қайрат» енді конференциялар лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды. Әзірге қарсыластары белгісіз. Бүгін Монакода жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылып, «Қайраттың» кіммен ойнайтыны анықталады. Тағы бір айта кетерлігі, алматылық клуб осы іріктеу кезеңдерінде қомақты табыс тапты. Яғни бас-аяғы 3 млн 600 еуро көлемінде сыйақы алады. Ұлттық валютаға шаққанда 2 млрд теңгеге жуықтайды.