Месси мен Роналду бір командада ойнауы мүмкін

Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогы кезеңі өтеді. Оған 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Арасында Олимпиада чемпиондары мен Әлем біріншілігінің жүлдегерлері де бар. Жарыс 15-17 қазан аралығында «Барыс аренада» өтеді. 

Месси мен Роналду бір командада ойнайды. Әлем футболының аңыздары алғаш рет бір құрамада өнер көрсетуі мүмкін. Екі жұлдыздың басын қосу идеясын аргентиналық Карлос Тевес ұсынған. Ол жыл соңында өзінің қоштасу матчын өткізуді жоспарлап отыр. Кезінде Мессимен де, Роналдумен де бір командада доп тепкен аргентиналық футболшы осы кездесуге 2 жұлдызды қатар шақырғысы келеді. Егер Тевестің ойы жүзеге асса, жанкүйерлер қос мықтыны алаңда алғаш рет қарсылас емес, командалас ретінде көру бақыты бұйырады.

«Барыс» жаңа маусымды стті бастады

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын сәтті бастады. Астаналық ұжым өз алаңында Новосібірдің «Сибирь» клубын қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 7:1. Әуелі ойынның 13-ші минутында Всеволод Логвин есеп ашты. Артынша Дінмұхамед Қайыржан мен Джастин Бэйли және Семен Симонов бір-бір голдан соғып, есепті 4:0 ге жеткізді. Осыдан кейін «Сибирь» бірден қақпашы ауыстыруға мәжбүр болды. Алайда бұл шешім оларды құтқара алмады. Көп ұзамай Чейз Приски мен Гаррет Пилон мергендігімен көзге түссе, Бэйли дубль авторы атанды. Ал қонақтар тек 1 шайбамен жауап қатты. Енді 9 қыркүйекте өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» командасын қабылдайды.

Михаил Кравец, «Барыстың» бас бапкері:

- Баршаңызды чемпионаттың басталуымен құттықтағым келеді. Осындай көп жанкүйер жиналып, бізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Бұл бізге алаңда бар күшімізді салып ойнауға, өз жұмысымызды сапалы атқаруға үлкен көмегін тигізеді. Біз жақсы командаға қарсы ойнап, жеңіске жеттік. Енді осы ойынымызды тұрақты түрде жалғастыруымыз керек. Қақпашы өз міндетін абыроймен атқары шықты. Ойыншылар гол соқты. Міне, командалық ойын дегеніміз – осы. 

Елена Рыбакина ширек финалда

Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы US Open турнирінің ширек финалына өтті. Қазақстандық теннисші 1/8 айналымда әлемнің 13-ші ракеткасы саналатын жапониялық Наоми Осаканы 2:0 есебімен ұтты. Алғашқы сетте 6:1, екінші сетте 6:4 есебі тіркелді. Енді ширек финалда қытайлық теннисшімен ойнайды. Егер оны ұтып, жартылай финалға өтсе әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі. Турнир 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс жеңімпазды 5,5 млн доллар мен 2 мың рейтингілік ұпайға ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз: