Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарының ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи және Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгін, 18 қыркүйекте, қазақстандық волейболшылар топтық кезеңдегі соңғы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізді.

Ойын 3:0 есебімен (25:18, 25:6, 25:14) Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұл кездесудің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы келесі кезеңге шығу мүмкіндігін бұған дейін қамтамасыз еткен болатын.

Бұған дейін Қазақстан Филиппин құрамасын 3:1 есебімен жеңген еді. Ал Филиппин командасы Қытайдан жеңіліп, В тобындағы үздік екі құраманың қатарына ену мүмкіндігінен айырылды.

Осылайша, Қазақстан мен Қытай Азия ойындарында ширек финалда өнер көрсетуді жалғастырады.

Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы топтық кезеңнің қорытындысы бойынша анықталады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: