Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарында алғашқы матчын өткізді
Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында гандболдан әйелдер арасында сайыстар басталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Қытаймен жолықты.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қытайлық гандболшылар 24:34 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл спорт түрінде жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Ұлттық құрама келесі ойынын 20 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
Olympic.kz