Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Қазақстандық Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Отандасымыз ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.