Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды
Жапонияның Аичи - Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».
22 жастағы отандасымыз аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасы бойынша 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шыдатпай, топ жарды.
Айта кетейік, ММА спорты биыл Азия ойындарының ресми бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Қадырбек Шынбаев бұл спорт түрінен континенталды додада алтын алған екінші қазақстандық спортшы атанды.
Ол бұған дейін, 2026 жылдың қаңтарында ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанған болатын. Құрлық біріншілігінде Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын тізе бүктірген отандасымыз бір жыл ішінде екі ірі додада жеңіске жетіп отыр.