Қазақстандық палуан Начын Куулар Азиадада қола медаль жеңіп алды

olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес палуаны Начын Куулар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Японияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшы 65 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен тартысты белдесуде Начын Куулар Солтүстік Корея балуаны Ким Кван Джинмен кездесті. Тартысқа толы кездесудің бірінші кезеңінде отандасымыз 0:3 есебімен есе жіберіп жатқан еді.

Дегенмен, екінші бөлікте бапкерлер штабының тапсырмасын мүлтіксіз орындаған қазақстандық палуан күрестің көрінісін түбегейлі өзгертіп, қарсыласынан 7 ұпай еншіледі.

Нәтижесінде тартысты айқас 7:5 есебімен Начын Куулардың пайдасына аяқталды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынын еркін күрестен тағы бір қола медальмен толықтырды.

Сондай-ақ оқыңыз: