Қазақстан Азия ойындарында үздік үштікке көтерілді

@Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан ұлттық құрамасы XX жазғы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, медальдар санағы бойынша үздік үштікке көтерілді, деп хабарлайды  «24KZ». 

Бүгінгі жарыс күні отандық спортшылар қоржынын екі алтын және екі қола медальмен толықтырып, Оңтүстік Корея командасын артта қалдырды. 

Қазіргі таңда спортшыларымыздың еншісінде жалпы 12 медаль бар. Оның 6- алтын, 1-күміс, 5-қола медаль. 

Соңғы есептер бойынша медаль кестесінің көшін 28 жүлдемен Қытай мен Жапония бастап келеді.

Естеріңізге сала кетейік, XX жазғы Азиада 4 қазанға дейін жалғасады. Биылғы бәсекеде ел намысын 558 спортшы қорғауда. Олар спорттың 35 түрі бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: