Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында ММА-дан елге екінші алтынды сыйлады

Азия ойындарынан қуанышты жаңалық! Қадырбек Шынбаев XX жазғы Азия ойындарының шыңында. Ол ММА-дан алтын алды.

Осылайша, жекпе-жектен елге екінші алтын жетіп отыр. 22 жастағы спортшы 71 келіге дейінгі салмақ арасында modern дисциплинасында топ жарды. Айта кетейік, ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Қадырбек Шынбаев бір жылда құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз: