Азия ойындары: Әлижан Аблағатов ушудан қола жүлдегер атанды
Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.
Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз