Ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельянов Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандықтар екілік-каноэде 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:44.972 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар У Шэнъюэ и Цзи Бовэнь бірінші орын алды - 1:40.741. Өзбекстандықтар Артур Гулиев пен Владлен Денисов күміс алды - 1:42.878.

Сондай-ақ оқыңыз: