Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан күміс еншіледі
Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан екінші мәрте күміс жүлдеге ие болды.
189 команда сынға түскен зияткерлік сайыста бұрымдыларымыз тамаша нәтиже көрсетті. Шешуші кезеңде қазақ қыздары Польша командасымен кездесті. Ұлттық құрама сапынан Елназ Қалиахмет жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова қарсыластарымен тең түсті. Қытай қыздары шахмат олимпиадасының чемпионы атанды. Қола жүлде Үндістанға бұйырды.