Ташкентте жүзуден әлем кубогы кезеңінде Балабек Қазақстан рекордын жаңартты

Ташкентте суға жүзуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бұл сында ел намысын қорғаған Ғалымжан Балабек 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 12-ші сатыдан көрінді. Қазақстанның рекордын жаңартты, деп хабарлайды 24KZ.


Алматыдағы Қазақтың спорт және туризм академиясы Азия ойындарында жүлде алған шәкірттеріне көпшілік алдында құрмет көрсетті. Қазақ спортының қара шаңырағында білім алатын қыз-жігіттер құрлық додасында 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальға иелік еткен болатын. Көк туымызды биіктен желбіреткен таеквондошы Темірлан Тілеулес пен үшу-саньдадан қазақстан қоржынына қола медаль салған Әлижан Аблағатов бұған дейін Академия қабырғасында ақылы түрде білім алып келсе, ендігі жерде тегін оқиды. Спортпен білімді ұштастыра білген чемпиондарға ректор гранты табысталды.

Темірлан Тілеулес – Азия ойындарының жеңімпазы

Чемпиондар мен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы келген Мәскеу олимпиадасының жүлдегері Серік Қонақбаев жас спортшыларға ыстық ықыласын білдіріп, ағалық ақылын айтты. Ел спортының ертеңіне баланған студенттерді жігерлендіріп, қашанда игі шаралардың басы-қасынан табылатын даңқты боксшыға Қазақ спорт және туризм академиясының «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ Жапон жерінде жүлде алған өзге де спортшыларға алғыс хаттармен сыйлықтар табыс етілді.

Аруна алғашқы айналымнан аса алмады

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдошылардыңдүниежүзілік жарысы жалғасып жатыр. Қазақ елінің қоржынында әзірше Шерзод Давлатов ұтып алған жалғыз күміс медаль. Бүгінде жерлестеріміздің жолын тосқан едік, өкінішке қарай, жүлде бұйырмады. 78 келі салмақта татамиге шыққан Аруна Жангельдина алғашқы белдесуінде-ақ Суоми елінен келген Эмма Крапуға есе жіберіп қойды. Ертең аса ауыр салмақтағы жерлестеріміз Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова жарыс жолына шығады. Дзюдошыларымызға сәттілік серік болсын дейміз.

Мықтылар жолығатын күн

Біраз үзілістен кейін футболдан ішкі біріншіліктер қайта жалғасады. Ағылшын премьер лигасын асыға тосып отырғандар көп. Әсіресе жексенбі күнгі Ливерпуль мен Манчестер Сити арасындағы ойын сұрапыл болғалы тұр. Екі клубта жаңа маусымды жаңа бапкермен бастағанын білеміз. Әзірше Энцо Маресканың ұпайы түгел. Көңіл күйі де керемет. Алайда қашанға дейін созылары белгісіз. Ливерпуль біріншілікті ала құла бастағанымен, футболшылар Испаниялық маманның жұмыс жоспарымен енді түсініп келеді. Сондықтан қызы жейделі жігіттер осы жолы Ман Ситиді аяқтан шалуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: