Астанада жазғы жүгіру маусымы жабылады. LIVE
Астаналықтар биылғы жүгіру маусымын қорытындылап жатыр. Ол үшін бүгін салауатты өмір салтын қолдаушылар елордадағы триатлон паркіне жиналған. «Заң және тәртіп» деп аталған спорттық шараны қалалық әкімдік пен қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгінгі жарыс таңғы сағат тоғызда басталады деп жоспарланған. Соған қарамастан спортты серік еткен елордалықтар бұл жерге сегізден бастап жиналып алды. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір мұнда көңілді атмосфера қалыптасқан. Қатысушыларға спорттық рух беру үшін джиджейлер арнайы музыка қосқан. Ал спортшылар жүгіріс алдында дене қыздыру үшін топтық жаттығу жасап жатыр. Сол үшін жаттықтырушы да шақырылған. Жүгіруге ниеттілер қатарында танымал спортшылар да бар. Олар бүгін 6 шақырым қашықтықты бағындырады. Жарысқа 16 жастан асқан кез келген астаналық, жалпы Қазақстанның кез келген өңірінен келген спортшы қатыса алады. Жалпы жүгіруге 1800 адам қатысады деп жоспарланған болатын.