Дзюдошы Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды «24KZ»
60 келідегі отандасымыз Шерзод Давлатов бірден 15-сатыға жоғары көтеріліп, тоғызыншы орынға жайғасты. Жаңартылған рейтингке сәйкес қазақстандық спортшының еншісінде 3263 ұпай бар.
Әзірбайжандық Ахмад Юсифов 5180 ұпаймен көш бастады. Оның жерлесі Балабей Агаев 4823 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Ал Ресей өкілі Аюб Блиев 4600 ұпаймен үшінші орында тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Бакуде (Әзірбайжан) өткен әлем чемпионатында Шерзод Давлатов 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.