Михаил Шайдоров Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапатына ие болды
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиында отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.
Марапаттарды Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин табыстады.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды.