Айдос Ербосынұлы IBF рейтингінде бір саты жоғарылады

Айдос Ербосынұлы IBF рейтингінде бір саты жоғарылады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ бойынша боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлады Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингте екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Айдос Ербосынұлы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілген. Бұл салмақта IBF белбеуінің чемпионы – америкалық Калеб Плант. Ал рейтингтегі алғашқы екі орын бос. Үшінші орында АҚШ өкілі Калеб Труа тұр. 

Орта салмақтағы бұл ұйымның чемпионы – Геннадий Головкин. Ал осы салмақта сынға түсетін Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан тоғызыншы орынға көтерілген. Ал Жәнібек Әлімханұлы 11-орында болса, Қанат Ислам 14-сатыға жайғасқан. Орта салмақта бірінші және екінші орын бос тұрса, үшінші орында неміс боксшысы Патрик Войцицке орналасыпты. 

Жартылай орта салмақта сынға түсетін Данияр Елеуінов тоғызыншы орында. Чемпионы Эролл Спенс болса, бірінші орында Өзбекстан өкілі Кудратилло Абукахоров, екінші орында Шон Портер, үшінші сатыда – Сергей Липинец. 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев бір саты төмен түсіп, сегізінші орынға орналасыпты. Бұл салмақта Джош Тэйлор әлем чемпионы, алғашқы екі орын бос. Үшінші сатыда Лиам Паро жайғасқан.