Египетте гандболдан әлем чемпионаты басталады

Египетте гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты турнир матчтары көрерменсіз өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыс жоспар бойынша 13-31 қаңтарға дейін жалғасады. Турнирдің ақтық бөлігінде 32 команда өзара бақ сынайды. Чехия командасы коронавирустың бірнеше оң сынақ нәтижелеріне байланысты турнирге қатыса алмайды, ережеге сәйкес Чехия құрамасын Солтүстік Македония құрамасы алмастырады. Алдын ала топтық кезеңде қатысушылар әрқайсысы төрт командадан тұратын сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан үздік үш команда келесі кезеңге өтеді.