«Астана» беларусьтік командамен жолдастық матч өткізеді

«Астана» беларусьтік командамен жолдастық матч өткізеді

«Астана» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті кездесуін 21 ақпанда өткізеді, деп жазды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. «Астана» 21 ақпанда беларусьтік «Рух» (Брест) клубымен кездеседі.

Айта кетейік, «Рух» Беларусь чемпионатының жоғарғы дивизионында бақ сынайды.