429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады

  • 144
  • UPD: 12:36, 16.04.2021
Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады FootballHD

Аргентина құрамасының көшбасшысы Оңтүстік Америкадағы барлық футболшылардың вакцина алуы үшін жағдай жасауда, бірақ оның бұл бастамасы көпшіліктің сынына ұшырады.

«Барселона» мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси COVID-19-ға қарсы 50 мың екпені барлық оңтүстікамерикалық футболшылар үшін сатып алып бермек. Алғашқы партия Аргентинадағы 26 футбол клубына жеткізілген.

Қытайдың Sinovac фармацевтикалық фирмасымен тиісті келісім жасалды. Ол үшін Месси компанияға өзінің қолы қойылған үш жейдесін сыйға тартты.

Леоға келісім жасасуға Уругвай президенті Альберто Локалле көмектескен. Жұқтырғандар саны бойынша алда тұрған мемлекеттің халқы президенттің бұл тірлігіне ашулы. Уругвайлықтар бай футболшыларды емес, алдымен қорғалмаған тұрғындарды вакциналау керек дегенді алға тартады. Бұл пікірге аргентиналықтар да қосылды.

Хабар 24 телеарнасы