Шымкентте стенд атудан V жастар ойындары өтіп жатыр

Шымкентте стенд атудан V жастар ойындары өтіп жатыр

Шымкентте стенд атудан V жастар спорттық ойыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жастар арасындағы мергендерді анықтау сыны 26 сәуір күні басталған.

Жас спортшылар Шымкент қаласында орналасқан Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде 3 мамырға дейін өзара мықтыны анықтайды.  ⠀

Айта кетерлігі, жастар спорттық ойындарына Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда облысы мен Алматы облысынан 100 спортшы қатысып жатыр.