Ресейдегі бокс кешінде үш спортшымыз шаршы алаңға шығады

Ресейдегі бокс кешінде үш спортшымыз шаршы алаңға шығады

Новосибирскте бокс кешінде үш бірдей қазақстандық шаршы алаңға шығады.

Кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов пен Данила Семенов Танзания мен Оңтүстік Африканың спортшыларымен жұдырықтасады. Жекпе-жек алдында олар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

28 жастағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізеді. Жерлесіміздің қарсыласы орта салмақтағы бұрынғы WBA чемпионы америкалық Роб Брант. Бұл Жәнібектің жоғары деңгейдегі қарсыласпен алғашқы кездесуі.

Еске салайық, қазақстандық боксшы былтыр 9 қазанда Гонсало Корианаға қарсы шаршы алаңға шығып, аргентиналық спортшыны екінші раундта нокаутқа жіберді.

«Джиро д’Италия» көпкүндік жарысының 11-кезеңі аяқталды. «Астана» сапынан үздік нәтижені Александр Власов көрсетті, ол мәреге он үшінші болып жетті. Осылайша жалпы есепте жерлесіміз екінші орынға жайғасты. Қазір бірінші орында колумбиялық велошабандоз Берналь Эган келе жатыр. Ал италиялық спортшы Дамиано Карузо үшінші болып, Власовтың артынан еріп келеді.