Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Латвияны ұтты

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Латвияны ұтты

Ригада басталған хоккейден кезекті әлем чемпионатының алғашқы матчын өткізген Қазақстан құрамасы Латвияны ұтты.

Буллиттен кейін. Есеп 4:3.

Біздің командадан соң болып Евгений Рымарев гол соқты. Ал қақпашы соққыны дарытқан жоқ. Матч басталмас бұрын мамандар айдын иелерінің шоқтығы биік екенін айтқан. Өйткені Латвия бірінші турда Канаданы 2:0 есебімен жеңген еді. Осы кездесуде де олардың айдарынан жел есті. Екінші кезеңде Лаурис Дар-зиньш есеп ашты. Бірақ отыз тоғызыншы минутта Александр Шин таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Латвия тағы гол соқты. Бұл жолы Рихард Букартс белсенген еді. Дегенмен, матчтың аяқталуына он төрт минут қалғанда Джесси Блэкер Қазақстанды овертаймға алып шықты.

Қосымша уақытта қарсыластар гол соға алмады. Ал, буллит біздің жігіттердің оң жамбасына келді. Қазақстан құрамасы енді Финляндиямен кездеседі.