Волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді

Волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді

Халықаралық волейбол федерациясы 2022 жылғы әлем чемпионатының Ресейде өтетінін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

«Бірнеше қалада өтетін әлемдік дода өтетін жерді енді ауыстыру мүмкін емес. Ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан 2022 жылғы әлем чемпионатын Ресейден басқа жерге ауыстыру мүмкін емес» делінген федерацияның баспасөз хабарламасында. 

Әлем чемпионаты 26 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында Ресейдің он қаласында өтеді.