Хоккейден Қазақстан командасы әлем чемпионатынан соң үш сатыға жоғарылады

Хоккейден Қазақстан командасы әлем чемпионатынан соң үш сатыға жоғарылады
ҚР ҰОК

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ригада аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жыл сайынғы рейтингті жаңартты.

Қазақстан командасы 16 сатыға жоғарылап, 13-орынға тұрақтады, деп жазады Olympic.kz. Тізімді Канада бастап тұр. Жалпы, турнир кестесінде өз тобында төрт рет жеңіске жеткен Қазақстан командасы 10-орын иеленді. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы IIHF рейтингіндегі ең жоғары көрсеткішін 2006 жылы тіркеді. Екі әлем чемпионаты мен Туриндегі Олимпиада ойындарына қатысқан біздің команда 11-орыннан көрінген болатын. 

Биылғы рейтингте Канада – бірінші, Финляндия – екінші, Ресей үшінші орында тұр.