Ақтауда қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтті

Ақтауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күресінен Республикалық ашық турнир өтті.

Байрақты бәсекеге елдің әр түкпірінен 18 балуан келген. Қазақстанның намысын үлкен ареналарда абыроймен қорғап жүрген апайтөс спортшылар бозкілемде жан алысып, жан берісті. Атырау, Ақтөбе,  Қызылорда,  Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары абсолюттік салмақ дәрежесінде күресті. Ақтық сында шалт қимылдарымен шеберлік көрсеткен маңғыстаулық балуан үздік шығып, бас жүлдеге тігілген 2 миллион теңгені иеленді. Ал 2, 3-орынды Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларынан барған спортшылар алды. Оларға 1 жарым және 1 млн теңгеден берілді.

Нұрдәулет Жарылғапов, палуан /Маңғыстау облысы/:

- Келесі айдың 4-інде «Қазақстан Барысында» барлығы күресетін болады. Палуандармен бақ сынасып, жеңіске жетіп тұрмын. Барлығы өте жақсы деңгейде, дайындықта келген.

Еламан Ерғалиев, палуан /Ақтөбе облысы/:

- Карантиннен кейін осы жарыс болғанына шын жүректен қуаныштымыз. Жас буын қазақ күресінен дамығанын қолдаймыз. Қазақстан барысы турнирінің алдында өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір қарсылас өзіне сай мықты кездесу болды деп айтуға болады. Кішкене жарақатыма байланысты есе жіберіп қойдым. Бұйырғаны 3-орын болды.