Конор МакГрегор 2022 жылға дейін жекпе-жектерден шеттелді

Конор МакГрегор 2022 жылға дейін жекпе-жектерден шеттелді
Фото: Gary A. Vasquez-USA TODAY Sports / REUTERS

Екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор 2022 жылдың 7 қаңтарына дейін жекпе-жектерден шеттелді, деп хабарлайды vesti.kz.

Еске салайық, жеңіл салмақта бұрынғы уақытша чемпион Дастин Порьемен болған үшінші айқасында ирландиялық спортшы аяғын сындырып алды. Осылайша бұл кездесуде америкалық файтер жеңімпаз болды. Енді спортшы октагонға оралу үшін дәрігерден рұқсат алуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін МакГрегорге 3,5 сағат операция жасалды.