Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиадаға қанша ақша жұмсалды

Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиадаға қанша ақша жұмсалды
www.eurosport.ru

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Токиодағы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жұмсалған қаражатты айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол барлық командаға толық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындары шығынына 1,7 миллиард доллар бөлдік. Біз барлық ҰОК пен барлық ҰОК командаларының қатысуын қамтамасыз етеміз. Оны сөзібен емес, іспен көрсетеміз», - деді Бах.

Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал жазғы Паралимпиада ойындары - 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Бастапқыда байқау 2020 жылы өткізілуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты оларды кейінге қалдыруға тура келді.