Токио-2020: садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста есе жіберді

Токио-2020: садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста есе жіберді
фото: olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарында командалық сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, 26 шілде күні Токио Олимпиадасында отандық садақшылар ерлер арасында командалық сайыс бойынша бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді.

Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты.

Айта кетерлігі, аталған спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей жарыстың келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.